«АУЫЛ-ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ МЕН БІЛІМ БЕРУ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті төртінші отырысына комиссия мүшелері, облыс әкімдігінің құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет, архивтер және құжаттама, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және сәулет және қала құрылысы басқармаларының өкілдері және Қордай, Т.Рысқұлов, Шу, Меркі, Мойынқұм және Жуалы ауданы әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Олар Жамбыл ауданы Қаракемер және Өрнек ауылдарындағы спорт кешендері, Мойынқұм ауданы Айдарлы ауылындағы спорт кешені, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылындағы спорт кешені және Қордай ауданы Қарасай ауылында спорт кешені. Мәдениет саласында 16 нысанның құрылысына 0,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, осы жылы 12 нысанда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталуы жоспарланғанымен 2 нысанның құрылысы аяқталмайтыны анықталып отыр.
Келесі кезекте облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Р.Қойлыбаев өз хабарламасында облыс бойынша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы ағымдағы жылдың 12 қазанынан басталғанын атап өтті. Жалпы облыста 1665 көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар 1 737 нысандар жылумен қамтамасыз етілуде. ҚР Құрылыс нормалары мен Ережелеріне сәйкес облыста жылыту маусымы 164 тәулікті құрайды.
ҚР Энергетика министрлігімен облысқа қажетті 24,4 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінді.
Жаңатас қаласының қазандығына 12 938 тонна мазут сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд. теңге қаралды. Ағымдағы жылыту маусымына орай облыс тұрғындары үшін 149,7 мың тонна көмір жоспарланып, бүгінге 85,4 мың тоннасы жеткізілді, қамтылу деңгейі 57% құрап отыр.
Облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасының орынбасары Ж.Бастаубаева комиссия отырысының жұмысын қорытындылай келе, зерделеу жұмыстары барысында анықталған негізгі мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын атап өтті.